Меню KDT
МЕНЮ

Годовой план работы библиотеки

Мектеп-лицей кітапханасының
2020-2021 оқу жылына
арналған жылдық жоспары
 
 
 
 
 
 
 
 
Кітапханашы қызметінің міндеті:
1. Оқырмандарға тез және сапалы қызмет көрсету.
2. Кітап таңдау мақсатында оқырмандардың қызығушылығы мен сұранысына жүйелі көмек көрсету.
3. Кітаптарға техникалық өңдеу жүргізу.
4. Қорды анықтау мен орналастыруды ұйымдастыру.
5.  Кітап насихаттаумен шұғылдану.
         Кітапханаға көмек көрсету үшін оқырман активін ұйымдастыру.
Білуге тиіс:
  • жоғары ұйымның кітапхана жұмысы мен білім жөніндегі басшылыққа алатын материалдарын;
  • кітапханатануды;
  • кітапханатану жөніндегі ережеге сәйке кітапхана жұмысының негізгі мазмұнын;
  • тиісті типтегі кітапханаларға арналған кітапхана-библиография жіктеуінің кестесін;
  • кітапхана жұмысының технологиясын;
  • оқырмандармен, көпшілік және жеке жұмыс істеу нысандары мен әдістерін;
  • көркем әдебиетті ауызша және көрнекілікті насихаттауды;
  • қазақ, орыс және шетел әдебиетін;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрттен қорғану ережесін;
Қызмет талаптары:
  • оқырмандармен тіл табысу, оның талап-тілегін орындау;
  • оқырманның психологиялық негізін білу;
Мектеп кітапханасы – мектептің бір бөлімі, сондықтан жылдық жоспардың басым бөлігі оқу – тәрбие жоспарына негізделеді. Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшелігі, ол мектеп ұжымының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін, жаңа кітаптарды және басқа да ақпараттық материалдарды ұсынады. Қазіргі оқыту технологиялары арқылы әр- түрлі кітапханалық іс-шараларды өткізу негізінде оқушылардың кітап оқу қызметін қалыптастыра отырып, тілдерін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу. Оқырмандардың рухани құндылығы мен адами құндылығын мол етіп тәрбиелеу жолдарының  бірі –білімдік оқуға баулу. Кітап өз оқырманын жан- жақты тәрбиелеумен бірге танымдық, білімдік қасиетін дамытары анық. Ол үшін электронды, ақпараттық қорлардың жиналуын, сақталуын және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету,кітапхана қорымен жұмыс жасата білу.  Жаңа кітаптарға, мерзімді басылымдарға тұрақты ақпарат күндерін өткізу.Кітапхананың қазіргі алдына қойған мақсаты- жас оқырмандардың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық    әдебиетімізді,мәдениетімізді насихаттау болып табылады.
Кітапхананың алдына қойған міндеттері:
1. Оқырмандардың оқу бағдарламасында бекітілген және кітапхана орындауға міндетті білім беруді қолдап және жүзеге асыру, оқырмандармен  өзара байланысты жақсартуға тырысу.
2. Ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуде «Рухани жаңғыру» ,  «Біз біргеміз !», «Өлкетану»,  дамытуға арналған бағдарламаларды  насихаттау –қазіргі күннің уақыт талабы.
3. Компьютерлік технологияларды енгізудің арқасында жаңа ақпараттар қорын  қалыптастыру.
4. Кітапхананы қазіргі талапқа сай көркем безендіріп, оқырмандармен әр түрлі көпшілік, жеке және мерекелік күндерді атап өту сияқты жұмыстар жүргізу.
5. Кітапхананның анықтама-библиографиялық құралдарымен жұмыс жасау тәсілдерін насихаттауда оқырмандарға белгіленген жұмыс жоспары бойынша ақпараттық шолу жұмыстарын жүргізу.
6. Кітапханалық жұмыстардың есебін үнемі жүргізіп отыру.
Оқу жылындағы негізгі міндеттері:
1. Кітап қорының жұмыс қалпын сақтап, кітаппен жұмыс сабақтарын өткізу;
2. Оқырмандарды отандық және шетел әдебиетінің құндылықтарын ұғындыру;
3. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде оқушы дарынын жетілдіру  үшін  қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыландыру;
4. Ақпараттық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұйымдастыру;
5. Оқулықтарды күтіп ұстауға, жыл аяғына дейін жаксы дәрежеде өткізу үшін бақылау шараларын ұйымдастыру;
6. Кітапхананың қоғамдық іс-шараларын мектептің алға қойған мақсаттарын сай жүргізу;
7. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру,  санын көбейту, кітап айналымының санын көбейту;
8. Оқушылардың танымдық қабілеттері мен қызығушылығын кітап оқу арқылы дамыту;
Білім жүйесіндегі кітапхананың оқырмандарға қызметі:
  • Кітап қорын толықтыру.
  • Кітап қорының есебі.
  • Келіп түскен басылымдарды қабылдау.
  • Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі.
  • Кітаптарды жіктеу, авторлық белгілерді анықтау, қормен жұмыс.
  • Оқырмандарға қызмет көрсету, жұмыс есебі.
  • Ақпараттық-библиографиялық жұмыс.
  • Көпшілік мәдени-шараларға қатысу.
Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:
Оқырмандарды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары;
Еңбек және экономикалық тәрбие;
Экологиялық, өлкетану жұмыстарын жүзеге асыру;
Салауатты өмір салтын насихаттау;
Кітапхана активтерімен жұмыс;
Оқырмандарды кітапханаға тарту жұмысын ұйыдастыру;
Оқырмандар санын, кітап айналымының санын көбейту;
Оқу үрдісіне ақпараттық жәрдем беру;
Елбасының халқына арналған Жолдауларын насихаттау;
Атаулы күндерге арналған кітап көрмелерін ұйымдастырып, іс-шаралар өткізу;
І. Көрсеткіштер:

1

Оқырман саны

581

2

Келушілер саны

600

3

Кітап берілімі

2005

 
ІІ. Кітап қорын толықтыру:

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

«Адал кітапхана», «Бір ел-бір кітап» (Акциялар өткізу)

Жыл бойы

2

Оқырман сұранысын орындау мақсатында қалалық  кітапханаларымен жылжымалы кітап көрмелерін ұйымдастыру

Бір тапсырыс

3

«Ақпарат тынысы» (Мерзімді басылымдарға 2021 жылдың І,ІІ жарты жылдығына жазылу)

Бір тапсырыс

 
ІІІ. Кітап қорының есебі

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

Жаңа оқу жылында оқулықтарды ілеспе құжат арқылы тексеріп, саны мен құнын есептеу

Бір атау

2

 Жаңа талап бойынша жаңадан келген оқулықтарға инвентарлық номер қою

Бір атау

3

 Алынған кітаптарды әр ғылым саласына, мазмұнына қарай бөліп, жиынтық есеп кітабына жазу, 3-17 беттеріне мөр басу

Бір атау

4

Электронды каталогқа арналған библиографиялық жазбаны түзу. Деректер базасына енгізу, тиісті жолдарын толықтыру

Бір жазба

5

Жалғаспалы басылымдарды электронды каталогқа қосып жазу

Бір жазба

6

Электронды кітапхана күнделігінің жұмысын жандандыру

 
 
ІҮ. Кітапхана қорынан шығарылатын кітаптар есебі

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

Жоғалған кітаптардың, оқулықтардың орнына оқырмандардан қабылдаған  кітаптарды арнайы құжатқа толтырып, оқырманның қолын қойғызып, арнайы инвентарь кітабына белгі соғып, акті бойынша шығару

Бір құжат

2

Қалалық білім бөлімінің бұйрығы бойынша стандартқа сай келмейтін оқулықтардың актісін уақытында жасап қаржы бөліміне есеп беру

Бір акт

3

Шығыстан шығарылған кітаптарды мұғалімдердің сұранысы бойынша оқу кабинеттеріне таратып беру

Бір дана

4

Қалған бөліктерін макулатураға өткізіп арнайы берілген счетқа ақшасын салып түбіртегін сақтау

Бір дана

 
Ү. Кітаптарды жіктеу, авторлық белгілерді анықтау

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

Мерзімді басылымдарды реттік нөмірі бойынша орналастырып, тігіп отыру

Бір құжат

2

 Кітаптарды кітап сөрелеріне әр ғылым саласы бойынша орналастыру (жаңадан келіп түскен )

Бір құжат

3

Мақалаларды жүйеге алу картотекасын, жаңа басылымдар келгенде толтырып отыру

Бір атау

4

 Картотекаларды толықтырып отыру

Бір атау

 
ҮІ. Оқырмандарға қызмет көрсету

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

 «Кітапхана ісі» электронды бағдарламасына енгізу

1 шара

2

 Кітапхана кеңесінің жоспарын құрып, жаңадан құрамын сайлап бекіттіру

1 шара

3

 Жаңадан тіркелген оқырманды кітапхана ережесімен тұрақты таныстырып отыру

1 шара

4

  Жаңа оқу жылының оқулықтарын сыныптар бойынша тарату

қыркүйек

5

Жоспар бойынша мәдени іс- шараларды өткізу

1 шара

6

Ашық есік күнін өткізу, кітапханаға саяхат

1 саяхат

7

Кітап қарыз оқырмандармен жұмыс

1 шара

8

Оқырмандарды мерзімді басылымдарға жаздыру

1 шара

9

Өткен жылдың есебін жазу

1 есеп

10

Жылдық жоспар жасау

1 жоспар

 
ҮІІ. Ақпараттық – библиографиялық жұмыс

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемінің өлшемі

1

 «Анықтамалық әдебиеттер әлеміне саяхат» (ақпараттық сабақ)

Бір іс- шара

2

 «Бір аймақ-бір кітап» (айына бір рет ауызша- жазбаша ақпарат беру)

Бір іс-шара

3

 Педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырысқа қатысып отыру

Тоқсан  сайын

 
ҮІІІ. Көпшілік  мәдени –шаралар

Жұмыстың атауы

 Жұмыс түрі

 

Қыркүйек айы

1

«Кітап  - тарих ,шежіре»

  оқулықпен қамтамасыз ету

Кітапханашы

2

 «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» (Республикалық тілдер мерекесі)

 әңгіме шолу

«Жас ұлан» ұйымы

3

 «Кітапханаға  саяхат»

 экскурсия

Кітапханашы

4

«Баспасөз-2021»

Мерзімді басылымдарды насихаттау

Кітапханашы

5

«Қазақстан Республикасы Конституциясына -25 жыл»

Тақырыптық шолу

Кітапханашы

 

6

 

«Абай – дана, Абай - дара» 175-жыл толуына орай

 

Дөңгелек үстел

Барлық сынып оқушыларымен

Қазан айы

6

«Ұстазым менің ұстазым......»

әдеби-дастархан

Кітапханашы

7

Оқулықтардың тазалығын тексеру

рейд

Кітапханашы актив мүшелері

8

«Білім  іздеу жолында»

библиодесант

Кітапханашы

9

«Келіңдер, кітап оқиық!»

ертеңгілік

Кітапханашы,5- сынып оқушыларымен

 

10

Ақын  Иса Байзақовтың  туғанына 120 жыл (1900-1946жж.)

 Оқырман конференция

5-7 сынып оқушыларымен

11

Халық жазушысы Жұбан  Молдағалиевтің  туғанына  100 жыл  (1894-1938жж.)

Өлеңдерінен сайыс

8-10 сынып оқушыларымен

12

Халық әртісі композитор Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің туғанына  80жыл(1940 ж.)

Жастарды  патриоттықа баулу

8-11 сынып оқушыларымен

Қараша айы

10

«Қызықты каникул кезінде» Күзгі демалысты ұйымдастыру

 әр түрлі шаралар

Кітапханашы

11

«Денсаулық  зор  байлық»

Денсаулық сағаты

Кітапханашы, медбике

12

«Оқушы 100 кітап оқуға тиіс »

Барлық  сыныптар  үшін

Кітапханашы

13

 «Қазақстан  Республикасының ұлттық валютасына -26 жыл»

 слайд

Кітапханашы

 

14

Жазушы ,қоғам қайраткері «Алаш»партиясының жетекшісі туғанына 135  жыл(1885-1935жж.)

Көрме дөңгелек үстел

кітапханашы

Желтоқсан айы

14

1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні «Кемеңгер Елбасы- ырысы елімнің»

Кітап көрмесі, портрет кеші

Кітапханашы, «Жас ұлан» ұйымы

15

«Тәуелсіздік – бақыт жолы!»

Слайдты көрсетілім, дөңгелек үстел

Кітапханашы

16

«ЖИТС –ке  жол бермеу денсаулықты  сатау»

Пайдалы кеңес сағаты

Кітапхана, медбике

17

Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына125 жыл (1895-1983жж.)

Библиографиялық  шолу

Кітапхана жанашырларымен

18

 

Ақын,  жазушы ҚР Мемлекеттік әнұраны авторларының бірі лауреат Жұмакен  Сабырұлы  Нәжімеденовтың  туғанына  85 жыл (1935-1983жж.)

Ән ұранымыз қалықтай берсін. (сайыс)

Қазақ тілі мұғалімдері мен бірлесе отырып

19

 Кеңес Одағының Батыры

Бауыржан Момышұлының

Туғанына 110 жыл (1910-1982)

Библиографиялық шолу

 

 

Тарих пәнінің мұғалімдері

 

 

Қаңтар  айы

20

«Буккроссинг»  

Ата-аналарға сауалнама

Кітапханашы, психолог

21

«REDA x» 

Жоба аясында оқырмандармен кездесу

Кітапхана  жанашыларымен

22

 «Кітапханашысыз бір күн» акциясы

Оқырмандарды кітапханаға баулу

Барлық ұжыммен бірлесе жұмыс жасау

23

«Латын әрпін үйренеміз»

Ауызша журнал

Кітапханашы

24

 «Табиғатты аялайық!» 

Суреттер  көрмесі

Технология мұғалімдерімен бірге

25

Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь  атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына саяхат

Оқушылармен кітапхана тынысымен танысу

Кітапхана жанашырларымен

 

Ақпан айы

 

 

26

 «Туған өлке-тұнған шежіре»

Сұрақ-жауап

География пәні мұғалімдерімен бірге

27

«Сүйікті қалам- Қарағанды!»

 Мұражайға саяхат

Тарих пәні мұғалімдерімен бірге

28

«Ауған соғысы жайлы білесің бе?»

Кітап көрмесі,тарихи шолу

Кітапхана жанашырларымен

29

«Білім көзі -кітапта!»

библиодесант

10-11 сынып оқушылары арасында

Наурыз айы

30

«Ана- өмірдің шуағы»

әдеби-сазды қонақжай

Кітапханашы

31

«Ұлыс күні –Наурыз келді »  

Мерекелік сазды бағдарлама

Кітапханашы

32

Қазақ әдебиетінің шығармаларын оқуға  қызығушылығын дамыту

Жыл бойы

Кітапханашы

Сәуір айы

33

«Мен  жастарға сенемін!»

Мамандық таңдау сағаты

Кітапханашы

34

«Мамандық алу- мақтанышым!»  

Тақырыптық сөре

Кітапханашы

35

 «Балалар базарлық»

Кітап күні мерекесіне орай

Кітапханашы

34

«Отбасы мен бірге кітап оқимыз» 

Тәрбие сағаты

Кітапханашы

36

«Қаламынан жыр тамған»

Жұлдызды досье

Кітапханашы

Мамыр айы

37

«1-мамыр Достық күні»

Кітап көрмесі

Кітапханашы

38

7 мамыр Отан қорғаушылардың күні «Отаным  айбынды»

Ерлік сағаты

Кітапханашы

39

«Мәңгі желбіре – Жеңіс алауы!»

Слайдты көрсетілім, жадынама

Кітапханашы

40

Кітап – білімнің қайнар көзі

Оқулық жинау

Кітапханашы

41

Жылдық жоспар

1 жоспар

Кітапханашы

Послание призедента

Опрос

Статистика

  • За месяц92
  • За неделю3
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки