Меню KDT
МЕНЮ

Мансап

 

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты – оқушылардың мамандық таңдау үдерісінде тұлғаның қызығушылығы мен қабілетін, еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып оңтайландыру.
Міндеттері:
 - Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқудың барлық кезеңдерінде оқушыларды кәсіби ақпараттандырудың жүйелілігі;
 - Оқушыларға саналы түрде таңдау жасау үшін оқу бағыты мен болашақ мамандығының қызметі аясында жағдай жасау.

Жалпы мектептегі қызмет атқарушының бағыт басымдылығы тұлғаның кәсіби бағытының кәсіби сынама арқылы анықталады. Кәсіби сынама – бұл нақты кәсіби қызмет түрінің элементтерін модельдейтін, саналы түрде маман таңдауға бейімдейтін кәсіби сынақ.
Кәсіби сынама кезіндегі тәжірибелік тапсырмалар – өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Тәжірибелік тапсырмаларды өткізу үшін мектептер мен колледждердің материалдық базасы пайдаланылады. Кәсіби бағдар берудің қорытындысы болып саналатын кәсіби сынама кәсіби қызмет түрінің нақты сипатын байқатады.
 
Кәсіби бағдар беру кеңесінің мақсаты – жүйелі педагогикалық үдеріс негізінде оқушылардың дұрыс таңдау жасауға бағыттап, оларды еңбекке баулу, оқушылар мамандықты терең тануы үшін мақсатты түрдегі кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізу, оқушылардың санасында жұмысшы мамандықтарына деген жағымды, оң көзқарас қалыптастыру.
 
«Өнегелі өмір» жұмысының мақсаты – мектеп оқушыларын  өмірге дайындау, қоғамда, өмірде өз орындарын таба білуге баулу және кәсіби бағдарлау.
 
Тест, сауалнамалар жұмысы - оқушылардың жеке қасиеттерін зерттеу негізінде болашақта қызмет саласында ең нәтижелі болуы мүмкіншілігіне  кеңес беру.

Послание призедента

Опрос

Статистика

  • За месяц154
  • За неделю27
  • Вчера0
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки