Меню KDT
МЕНЮ

Электрондық кітапхана

Ұлы Даланың көне сарындары: Антология. Үш томдық. – Т. 1: Музыкалық фольклор. Дәстүрлі ән өнері / Жауапты редактор Қазтуғанова А.Ж. – Алматы «Brand Book», 2019. – 752 бет. Т. 1: Музыкалық фольклор. Дәстүрлі ән өнері. – 2019. 752 б. “Ұлы даланың көне сарындары” антологиясының бірінші томына қазақтың көне музыкалық фольклоры – көне наным-сенім, үйлену және азалау ғұрпының сарындары балалар фольклоры; дәстурлі ән өнері – халық әндері және кәсіби әнші-компазиторлардың туындылары енгізілді. Көне сарындар мен ұлттық музыкамыздағы таңдаулы үлгілер белгілі өнерпаздардың орындауында нотаға түсіріліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық түсініктемесімен берілді. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға, халық әдебиетіне қызығушы көпшілік оқырманға арналған.

 Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы: бес томдық / М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ин-ты. - Алматы : EVO Press. - (Рухани жаңғыру) (Ұлы дала жауһарлары). - ISBN 978-601-7588-23-6. 1-ші т. : Исламға дейінгі әдеби жәдігерлер / құраст.: О. Д. Бекжан, Т. Е. Қыдыр. - 2019. - 632 б. - Библиогр.: 622-623 б. . - ISBN 978-601-7588-24-3«Ұлы дала жауһарлары» сериясы. «Ежелгі дәуір әдебиеті» антологиясының 1-томына ежелгі дәуір әдебиетінің исламға дейінгі әдеби жәдігерлерінің таңдаулы шығармалары еніп отыр. Кітаптың электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттеріне, әдеби мұраны қастерлейтін қалың оқырман қауымға арналған.



Дала фольклорының антологиясы: он томдық . 1 том. Батырлар жыры / құраст., баспаға дайнд.: Қ.Б. Алпысбаев, Ж.Ж. Шалғынбай, А. Оралбек, Қ.С. Ахметжанов.  -Алматы: Brand Book, 2019.-560 б. (Рухани жаңғыру). ISBN 978-601-7218-30-0. Дала фольклоры антологиясының алғашқы томы батырлар жырына арналған. Оның «Көне эпос» деп аталатын бірінші бөліміне «Құламерген», «Дотан батыр» жырлары, «Батырлар жыры» деп аталатын екінші бөліміне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Едіге», «Шора батыр» сияқты классикалық эпостың таңдаулы үлгілері топтастырылған. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.

Дала фольклорының антологиясы: он томдық . 2 том. Батырлар жыры / құраст., баспаға дайнд.:  С.И. Сәкен, Н.Ә. Сәрсек. -Алматы: Brand Book, 2019.-560 б. (Рухани жаңғыру). ISBN 978-601-7218-31-7. Дала фольклоры антологиясының 2-томына атақты жыршы Мұрын жырау Сеңгірбекұлының орындауынан 1939–1948 жылдары жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар топтамасының үлгілері енгізілді. Бұл эпикалық циклде Алтын Орда және оның орнында пайда болған түркі мемлекеттері тарихының XIV–XVII ғасырлардағы ірі оқиғалары көркем баяндалған.Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға, халық әдебиетіне қызығушы көпшілік оқырманға арналған.


 Дала фольклорының антологиясы: он томдық . 3 том. Тарихи жырлар / құраст., баспаға дайнд.: П.Т. Әуесбаева, Н. Елесбай. -Алматы: Brand Book, 2019.-584 б. (Рухани жаңғыру). ISBN 978-601-7218-32-4. Дала фольклоры антологиясының 3-томы тарихи жырларға арналған. Томға «Еңсегей бойлы ер Есім», «Абылай хан», «Хан Кене», «Сәтбек батыр», «Бөгенбай батыр», «Қабанбай батыр», «Өтеген батыр», «Олжабай батыр», «Ер Жәнібек», «Райымбек батыр», «Барақ батыр», «Ағыбай батыр», «Жанқожа батыр» сияқты тарихи эпостың таңдаулы үлгілері топтастырылды. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.


Дала фольклорының антологиясы: он томдық . 4 том. Ғашықтық жырлар / құраст., баспаға дайнд.: Т.Т. Әкімова, Ж.Т. Салтақова.  -Алматы: Brand Book, 2019.-498 б. (Рухани жаңғыру). ISBN 978-601-7218-33-1, Дала фольклоры антологиясының төртінші томы ғашықтық жырларға арналған. Томға «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Бозжігіт», «Бозаман», «Сейпіл-мәлік», «Талайлы құл мен Әйім қыз», «Шеризат – Күлшат», «Жаскелең» жырларының таңдаулы үлгілері топтастырылды. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.


Дала фольклорының антологиясы: Он томдық / Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Ж.С. Рақыш, Н.М. Мүрсәлімова. – Алматы: Brand Book, 2019. Т. 5: Дастандар. – 2019. 528 б. Дала фольклоры антологиясының бесінші томына «Айман, Шолпан», «Наурызбай-Қаншайым», «Сыршы молда», «Болат, Жанат», «Қасым жомарт», «Құлқаныс-Зеберше», «Дариға қыз», «Киік», «Миғраж», «Мұхаммед-Қанапия», «Қисса Әбушахма» дастандарының таңдаулы үлгілері топтастырылған. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға, халық әдебиетіне қызығушы көпшілік оқырманға арналған.

Послание призедента

Опрос

Статистика

  • Осы айда154
  • Осы аптада27
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки