Мамандық тандау – сенің жауапты және күрделі қадамдарыңның бірі. Мамандық тандауды өміріңдегі жай ғана бір жағдай деп қарама, кәсіби мамандардан ақпарат алып, ақыл сұра. Мамандықты өз қабілетіңе қарай, ойланып барып таңдау керек, «қарсы» және «қолдаушыларды», ішкі түйсігіңді, барлық шынайы мүмкіндіктерді есепке ала отырып, бір шешімге келген жөн. Тек өміріне бейғам қарайтын адамдар ғана кез-келген мамандыққа барады.