Меню KDT
МЕНЮ

Психолог

 

 


Ильяшова Смбат Бериковна
 
Педагог-психолог,біліктілік  санаты «педагог-зерттеуші»

        2019 жылғы Қарағанды облысы әкімінің білім саласындағы сыйлығының «Үздік педагог-психолог» номинациясының иегері

 

Мектеп-лицейдегі психологиялық қызметтiң мақсаттары мен мiндеттерi

Мақсаты: Мектеп-лицейіндегі оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

1. Оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, олардың өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, оң дүниетанымын және ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан көмек көрсету;

2. Білім алушылардың асоциалды және аутодеструктивті жүріс-тұрыс көріністерін анықтау және алдын-алу;

3. Педагогтерге әлеуметтік-психологиялық диагностика негізінде білім алушылармен жеке жұмыс жасаудың тәсілін ұйымдастыру процесінде көмек көрсету;

4. Білім беру процесі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру.

 

Мектеп-лицейдегі психологиялық қызметтің іс- әрекетінің негізгі бағыттары:

ПСИХОДИАГНОСТИКА

ПСИХОПРОФИЛАКТИКА

ПСИХОКОРРЕКЦИЯ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ

Психологтың ата-аналарға арналған 10 кеңесі

Психологтың бұл кеңесі бақытты, ақылды және өзіне сенімді баланы өсіруге және барлық ата-аналардың мәселелерін шешуге көмектеседі деп сенеміз.

1) Әрбір мұғалім ата-ана бола алмайды, бірақ, әрбір ата-ана мұғалім болуы керек.

2)Балаларыңызды бос жібермеңіз, қадағалаңыз. Егер, біз оларға назар аударатын уақыт тапсақ, балалар бізге өз қажеттіліктері мен қызығушылықтары туралы көп нәрсе айтып бере алады.

3) Баланың мінез-құлқы үшін ұялмаңыз, әйтпесе, ол адамдардан қашқақтай бастайды.

4) Өмірдің алғашқы жылдарында музыканы тыңдау бала үшін маңызды және дамуға ынталандырады. Туғаннан сөйлесіп, ән айтыңыз. Ән мен бесік балалық шақтың керемет кезіне айналады. Баланың бөлмесінде ойнайтын музыканың дыбыстары мен ырғағы музыкалық білімнің негізін қалыптастырады.

5) Құрметпен және қолдаумен тәрбиеленіп жатқан балалар үнемі бәрінен қорғашталатын балаларға қарағанда эмоционалды түрде тұрақты.

6) Балалар ересек әлемнің бір бөлігі болуды армандайды. Еңбек оларға ойын сияқты ұнайды.

7) Балалар ерте жастан бастап көптеген нәрселерді өз бетінше орындағысы келеді.  Балаға бірдеңе істей білуге көмектесе отырып, сіз оған өз күштеріңізге сенім бересіз.

8) Егер баланы әр заттың өз орны бар екеніне үйретсе, тиянақтылық пен жинақылық бойына сіңеді.

9) Егер бала ойыншықты сындырса, оны тастамаңыз, оны түзетуге тырысыңыз және ол арқылы қызықты ойындар ойлап табыңыз. Яғни құндылықтарды түсіндіре біліңіз. Бірақ ойыншық қауіпті болса, пайдаланбаған жөн.

10) Баланы өз ойыншықтарымен және заттарымен ұқыпты қарауға үйретіңіз. Баланың бірдеңені сындырса, оны қандай да бір ойыншықты қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетіңіз.

 

Баланы ғаламтордағы қауіпті ақпараттан қалай қорғаймыз

1. Тыйым салынған сайттар тізімін, ғаламторда өткізілген уақытты және интернетте (соның ішінде чаттар тізімінде) байланысу үшін нұсқаулықты көрсету керек.

2. Балалардың вертуалды достары жайында көбірек сұраңыз, олар немен шұғылданып, қандай жайттарға әуестігін біліңіз. Сонымен қатар, қандай адамдармен хат-хабар алысып, кімге көп хабарлама жіберетіндерін сұраңыз. Және бұл адамдар оның таныстары екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

3. Балалар қандай чаттарға тіркеліп, ақпарат жинайтын сайттарынан хабардар болыңыз. Бүлдіршіндердің жасырын режимінде сөйлесулеріне жол бермеңіз.

4. Ғаламтордағы достарымен жеке кездесуге ешқашан келісім бермеңіз.

5. Балаларға электрондық пошта, сөйлесу бөлмелері, жылдам хабар алмасу жүйелері, тіркеу формалары, дербес профильдер арқылы және интернеттегі конкурстарға тіркелу кезінде ешқашан жеке ақпаратты таратуға болмайтының ұғындырыңыз.

6. Балаларға сіз рұқсат бермегеніңізше бағдарламаларды, музыканы немесе файлдарды жүктетпеңіз. Басқа жағдайда олар авторлық құқықты және сол арқылы заңды бұзуы мүмкін екенін түсіндіріңіз.

7. Балаңызға ғаламтор арқылы біреу қоқан- лоқы қөрсетіп, дөрекі сөйлеп, мазасын алса бірден айтуға үгіттеңіз.

8. Спамдардан қорғануға көмектесіңіз. Балаларға интернет арқылы электрондық пошта мекен-жайын бермеуге үйретіңіз, қажет емес электрондық пошта хабарларына жауап бергізбеңіз және арнайы пошта сүзгілерін пайдаланыңыз.

9. Балаларыңыз кіретін сайттарды жеке көріп шығыңыз. Олар қорлау мазмұны бар сайттарға кірмейтініне, жеке ақпаратты немесе фотосуреттерін жарияламайтындығына көз жеткізіңіз.

10. Балаларды қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа, өзін-өзі өлтіруге үгіттейтін интернет ресурстарынан қорғаңыз.

11. Интернеттегі заттарды сатып алу немесе сату алдында балалар сізбен кеңесетініне көз жеткізіңіз.

12. Балалармен ғаламтордағы құмар ойындары жайында және одан келетін қауіп туралы сөйлесіңіз. Оларға бұл заңсыз екенін ұғындырыңыз.

5 сынып оқушыларымен бейімделу жұмыстары 

 Кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар 

Послание призедента

Опрос

Статистика

  • Осы айда147
  • Осы аптада16
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки