Мектеп-лицей туралы ақпараттық анықтама
Білім беру мекемесінің толық атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 100026, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Сатыбалдин көшесі, 15 құр.
Байланыс телефондары: Тел: 8(7212)35-77-75
Факс: 8(7212)35-73-84, 8(7212)35-73-83.
Мектеп поштасының электрондық мекен-жайы: sch57@kargoo.kz
Директор: Сейтимбетова Куланшаш
Мектеп-лицей туралы жалпы мәлімет:
►1974-1989 ж.ж. орыс тілінде оқытатын жалпы орта мектебі;
►1989-1994 ж.ж. қазақ орта мектебі;
►1999-2006 ж.ж. шығыстану мектеп-лицейі;
►2006 жылдан «Сләмия Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейі»
►2021 жылдан «Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі»
Жұмыс уақыты: 5 күндік, 8.00 -ден 19.20- дейін.
Мекеменің ашылған жылы: 1974 жыл
Лицензия № 0065786
БСН: 950640001135
Проектінің сыйымдылығы: 750 оқушы
Білім алатындар саны: 713
Шағын орталық: жоқ
Оқытылу тілі: қазақ
Ауысым саны: 2
Педагог саны 68 мұгалім
Жас маман: 1
Санат бойынша: жоғары- 11, бірінші- 8, екінші- 1, санатсыз- 3, педагог-зеріттеуші- 15, педагог-сарапшы- 3, педагог-модератор- 5
Эксперименттік алаң:
1. Лицей жағдайында көптілдік элементтерін қолдану.
2. «Болашақ инженерлері» пилоттық жобасы.
3. Экономика барлық үшін.
Міндеттері:
1. Мұғалімдерді авторлық бағдарламалар, құралдар, шығармашылық ізденістер жасауға ұмтылдыру және қолдау көрсету;
2. Оқушылардың республикалық ғылыми жоба жарысына, пәндер олимпиадасына жүлдегерлер дайындау ісін нақтылау, әр ұжым мүшесінен талап ету;
3. Оқу кабинеттерін, лабораторияларды «мұғалім мен оқушының шығармашылық жұмыс лабораториясына» айналдыру;
4. Оқушының алған білімінің үздіксіз дамытылуымен қатар өзін - өзі тәрбиелеуі, қоғамдық көзқарасының, құзырлылығының қалыптасуын қамтамасыз ету, психологиялық қызметті арттыру, бейінді оқытудың сапалығы үшін мұғалімдерге жағдай жасау;
5. Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
6. Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
7. Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауда көмек көрсету. Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу. Оқушыларды даралап, саралап оқытуда тұлғаның қабілетіне, жеке бейімдігі мен сұранысына сәйкес жан- жақты білім алуына мүмкіндік жасау;
8. Жаңашыл технологияларды қолдану барысында мамандардың зерттеушілік әдіс-тәсілдерін оңтайлы пайдалану арқылы жаратылыстану, математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің сапасын көтеру;
9. 12 жылдық білім беру бейіндік жағдайында мектептің тәрбие жұмысын басқаруды жүйелі ұйымдастыру.
СЛӘМИЯ САТТАРОВ
Қазақтың белгілі педагогы Сләмия Саттаров 1923 жылы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласы, Қарқаралы қаласында дүниеге келді. С. Саттаровтың педагогтық қызметі ерте басталды, 1940 жылы 17 жастағы Сләмия 7 класс бітірген соң Абай атындағы Қарқаралы педагогикалық училищесіне түсіп, онда 5 жыл оқыды. Одан соң, Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектептің (09.1945 – 09.1946 ж.) бастауыш сыныптарына мұғалім болып орналысты. 1945 жылы Молотов атындағы Қарағанды институтының тарих факультетін үздік дипломмен бітіріп, 5 – 7 сыныптарға тарих пәнінен беретін мұғалім болып шықты. 09.1945 – 09.1946 жж. Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 1948 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін үздік дипломмен аяқтады. Институтты тәмамдаған соң, қайтадан өз туған жеріне келіп, мұғалімдік қызметті әрі қарай жалғастырды. Одан соң Абай атындағы педагогикалық училищенің (09. 1948 – 03. 1954 ж.ж) оқу ісінің меңгерушісі, директоры болды. 03. 1954 – 07. 1954 жж. Қарағанды қаласындағы №26 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып істеді. 07. 1954 – 08. 1956 жж. осы мектептің директоры қызметін атқарды. 08. 1956 – 01. 1962 жж. Қарағанды қаласы Облыстық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, одан соң, 01. 1962 – 01. 1963 жж. ағарту ісі қызметкерлері Одағының облыстық комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 01. 1963 – 02. 1965 жж. облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болды. Осы білім беру бөлімін басқарып отырған уақытта Сләмия Саттарұлы ауылдық жерлерде мектептер мен интернаттар ашты. Қарағанды облысындағы білім беру ұйымдарындағы мәселелерді шешіп, бастауыш мектепте оқыту бағдарламасы бойынша республикалық семинарларды өткізді. 08. 1971 – 07. 1973 жылдар аралығында көру қабілеттері төмен балаларға арналған мектеп – интернатта директор болып қызмет атқарды. 07. 1973 – 03.1988 жж. аралығынды қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1988 жылдың наурызыннан мамырға дейінгі аралықта қалалық жас натуралистер станциясының директоры болды. 1988 жылдың мамырынан бастап Қазақ ССР – ның еңбек сіңірген зейнеткері болды. С. Саттаров қалалық білім беру ұйымын басқарып отырған уақытта оқу өндірістік комбинаттарын ашты. С. Саттаров білім саласындағы сіңірген еңбегі үшін Қызыл Ту ордені және Халықтар Достығы орденімен марапатталды. 1967 жылы “Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі” деген құрметті атақ берілді. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы №480 қаулысы бойынша №57 мектеп – лицейге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Сләмия Саттаровтың есімі берілді.